Жаңалықтар

Франция ДАИШ позицияларын бомбалады

ашық дереккөзі

Франция ДАИШ позицияларын бомбалады

Франция астанасындағы террорлық актілерге жауап ретінде ел билігі Сириядағы ДАИШ террорлық ұйымының позицияларына әуе соққыларын жасады. Бұл туралы Бесінші республиканың қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған France 24 хабарлады. Францияның әскери-әке күштері ДАИШ астанасы деп есетелетін Ракка қаласын бомбалады. Иордания мен БАӘ әуе базаларынан ұшып шыққан он жойғыш ұшақ 20 бомба тастаған. Соққының салдарынан басқару орталығы, жаттығу лагері, лаңкестерді дайындау орталығы және қару-жарақ қоймасы жойылды. Халықаралық БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, француздардың шабуылы кезінде қалада дүрбелең болған. Операцияның АҚШ-тың келісімі бойынша жүргізілгені мәлім болып отыр. Франция тарихындағы ең қанды оқиға саналатын терактілердің 129 адамның өмірін қиып, 352 адамды жаралады. Парижге қолдау ретінде әлемдегі көптеген ғимарат Франция туының түсіне боялды. Оның ішінде Астана төріндегі «Бәйтерек» монументі де бар. Әлеуметтік желі қолданушылары Twitter және Facebook парақшаларында #Prayers4Paris #ParisAttacks #PrayforParis хэштегтерімен суреттер жариялауды тоқтатқан жоқ. Франция туы Манхеттенде 2001 жылы қиратылған егіз ғимараттың орнына салынған орында да бейнеленді. Қазіргі кезде Парижде төтенше жағдай режимі жарияланды.