МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ
МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ
9 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің телеарналары арқылы халыққа Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеу жариялады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының талаптарына сәйкес, кезектен тыс Президенттік сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен тағайындалады және ол тағайындалғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде өткізіледі. Президенттің кезектен тыс сайлауы конституциялық заңда Президенттің кезекті сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өтеді. Ата заңымыз конституцияның 41-бабының 3-1-тармағымен президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізілетіндігі көзделген.
Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауы негізгі заңның 41-бабының 3-тармағымен белгіленген мерзімнен тыс өткізіледі және ол Республика Президентінің шешіміне тікелей байланысты болады. Оны тағайындауға қатысты Конституцияда белгіленген құқықтық шектеулер жоқ. Мұның бәрі Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындауының Конституциядағы 41-баптың 3-1-тармағына сәйкес Республика Президентінің айрықша құзыретіне жататынын айғақтай түседі. Бұл конституциялық құқықтылыққа қандай да болсын шарттар мен шектеулер қойылмағаны Мемлекет басшысының оны жеке-дара жүзеге асыра алатынын көрсетеді. Біз өз кезегімізде Президенттің осы заң талаптарын басшылыққа алғанының куәсі болып отырмыз.
Руслан ПІРНАЗАР,
Nur Otan партиясы Стратегиялық бастамалар
институтының сарапшысы