ӘЛЕМДІК БАСПАСӨЗГЕ ШОЛУ

ӘЛЕМДІК БАСПАСӨЗГЕ ШОЛУ

ӘЛЕМДІК БАСПАСӨЗГЕ ШОЛУ
ашық дереккөзі
Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауы: 1tv.ru (Ресей): Қазақстандағы Президент сайлауы 2020 жылғы желтоқсанда өтуі керек болатын. Яғни, Тоқаевтың кем дегенде тағы бір жыл уақыты болды, бірақ ол Президент мерзімінен бұрын сайлануы қажет деп шешті. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімін «елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет» – деуімен түсіндірді. Үндеуде Президент екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде сөйледі. Hurriyetdailynews.com (Түркия): 78 жастағы Назарбаев 18 миллион адам тұратын елде «ұлт көшбасшысы», Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы және «Нұр Отан» партиясының жетекшісі ретінде кең өкілеттігін сақтап қалды. Сарапшылардың айтуынша, оның келесі Президент кандитурасын қолдауы дауыс берудің шешуші факторы болады. Euronews (Еуропа, штаб пәтері – Франция): Қазақстандағы кезектен тыс сайлау. Мемлекет басшысының міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді Парламент спикерлерімен және бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңескеннен кейін қабылдағанын айтты. «Кезектен тыс сайлау туралы шешім маңызды және аса қажет. Елбасымыздың арқасында біз әлемдегі табысты, беделді мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орынға ие болды. Біздің елімізбен бүкіл әлем санасады», – деді ол Халыққа жолдаған үндеуінде. Ал Алматы тұрғындары Тоқаевты Назарбаевтың мұрагері деп санайды: – Мен өзімнің дауысымды Қасым-Жомарт Тоқаевқа беремін. Мен бірінші Президенттің таңдауына толық сенемін және Қасым-Жомарт Тоқаевты лайықты кандидат деп ойлаймын. – Мен сайлауға кімдердің түсетінін білмеймін. Бірақ өткен заманның адамдары сайлауға түскенін қаламаймын. Олар жасарын жасады ғой. – Негізінде мұнда нәтиже айқын, көптеген адамдар келесі президенттің кім болатынын біледі. voanews.com (АҚШ): Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбіде президент сайлауын мерзімінен бұрын маусым айында өткізетінін мәлімдеді. Орталық Азия мемлекеті елді ұзақ уақыт бойы басқарып келген Назарбаевтың күтпеген жерден өз еркімен отставкаға кеткенінен кейін жаңа көшбасшы іздеуде. «Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет. Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!», – деді Тоқаев үндеу барысында. Десе де, Тоқаев Президент сайлауына өзінің қатысатынын, не қатыспайтынын ашып айтқан жоқ. Бірақ саясаттанушылардың көбі оны, кем дегенде, қысқа мерзім аралығындағы Назарбаевтың мұрагері ретінде таниды.

        Аударған  Аяулым БАҚЫТҚЫЗЫ