САЙЛАУДЫҢ ӘДІЛ ӨТУІНЕ БАРЛЫҒЫМЫЗ ДА ЖАУАПТЫМЫЗ
САЙЛАУДЫҢ ӘДІЛ ӨТУІНЕ БАРЛЫҒЫМЫЗ ДА ЖАУАПТЫМЫЗ
Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
– Баршаңызға мәлім, Қазақстан Ұлттық арнасынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдымыздағы маусым айының тоғызы күні Қазақстан президенті сайлауы болатынын мәлімдеді. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жауапты шешімі жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасқанын, Парламенттің қос палатасының спикерімен, премьер-министрмен кездесіп, конституциялық кеңестің келісіміне жүгінгенін айтты.
Еліміздің президентін сайлау – аса маңызды іс. Оны демократиялық – әділ жолмен өткізуге бүкіл еліміз жауапты. Сондықтан мұны дер кезінде қолға алынып жатқан, өте дұрыс шаруа деп ойлаймын. Сайлауға қанша адам үміткер болады, ол енді, алдағы уақыттың еншісінде.
Сайлау, шын мәнінде, бүкілхалықтық сайлау болып, халқымыз өзі қалаған тұлғаны ел президенті қылып, соған бар үмітін артады деп сенемін. Біз қашанда жақсылыққа сенетін халықпыз, сайлаудың заң аясында сәтті өтуіне тілектеспін.