Сұлушаш Сәтбекқызы жаңа қызметке тағайындалды

Сұлушаш Сәтбекқызы жаңа қызметке тағайындалды

Сұлушаш Сәтбекқызы жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұдан бұлай аталған қызметті Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы атқаратын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  Сұлушаш Құрманбекованы орынбасар ретінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыс активімен өткен жиында таныстырды. Аймақ басшысы Сұлушаш Сәтбекқызының білігі мен тәжірибесі мол маман екенін айта келе, бұл қызметті асқан жауапкершілікпен орындайтынына сенім білдірді. С. Құрманбекова бұдан былай облыстың білім, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, дін істері салаларына жетекшілік ететін болады. Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы 1963 жылы туған, білімі жоғары. 1985 жылы С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін «тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл қаласында №10 кәсіптік-техникалық училищесінде қоғамтану пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1986-1996 жылдары Жамбыл қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 орта мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1996-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жетекші маманы,  бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары, 2010 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  басшысы қызметтерін атқарған. Орынбасар қызметіне тағайындалғанға дейін С. Құрманбекова облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы болды.