Ләззат Танысбай - "QAZAQSTAN" РТРК АҚ басшысы

Ләззат Танысбай - "QAZAQSTAN" РТРК АҚ басшысы

Ләззат Танысбай - "QAZAQSTAN" РТРК АҚ басшысы
ашық дереккөзі
8 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. «QAZAQSTAN» РТРК АҚ Басқарма басшысы болып Ләззат Танысбай тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев таныстырды. Дәурен Абаев FACEBOOKтегі парақшасына: «Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Ал, бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін»,– деп жазды!  width= Ләззат Мұратқызы Танысбай  1973 жылдың 11-ші қазанында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келді. Алматы халықаралық журналистика институтын тәмамдаған. Халықаралық бизнес университінің МВА дәрежесін қорғады.  Еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясында редактор қызметінен бастады, одан кейін репортер және тележүргізуші қызметін атқарды. «Хабар» Агенттігінің іргетасы қаланған күннен бастап (1996 ж.- 2002 жылға дейін) жаңалықтар қызметінің редакторы – жүргізушісі, атқарушы продюсері болып еңбек етті. 2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор қызметтерін атқарды. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды. 2008 жылдың қазанынан бастап 2011 жылдың қарашасына дейін – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылы ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі болып тағайындалды. 2012 жылдың ақпанында «Астана қ. теледидары» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды. 2018 жылдың 5 шілдесінен бастап «НҰР-Медиа» холдингін қатар басқарды. Ләззат Танысбай еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері (2010), Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2015), сондай-ақ Қазақстандық журналистика мен ұлттық телевизияның дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2018). Тұрмыста, екі баланың анасы.

"Түркістан-ақпарат"