Жаңалықтар

Ләззат Танысбай - "QAZAQSTAN" РТРК АҚ басшысы

ашық дереккөзі

Ләззат Танысбай - "QAZAQSTAN" РТРК АҚ басшысы

8 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. «QAZAQSTAN» РТРК АҚ Басқарма басшысы болып Ләззат Танысбай тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев таныстырды. Дәурен Абаев FACEBOOKтегі парақшасына: «Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Ал, бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін»,– деп жазды!