Жаңалықтар

Назарбаев зияткерлік мектептерінің жаңа басшысы

ашық дереккөзі

Назарбаев зияткерлік мектептерінің жаңа басшысы

8 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Светлана Испусинова Басқарма төрайымы болып тағайындалды. Светлана Бағытқызы Испусинова Зияткерлік мектептер жүйесінде 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, атқарушы директор лауазымдарында тер төгіп, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап – Басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарды. Светлана Багытқызының барлық кәсіби біліктілігі отандық білім беру жүйесіне арналған. 1978 жылы Гурьев педагогикалық университетін «тарих және қоғамтану» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған. Тарих, мемлекет негізі мен құқығы пәндерінің мұғалімі, сыныптан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырушы, Атырау және Тараз қалаларында мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1999 - 2002 жылдары Атырау облысы білім басқармасының басшысы, 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бөлім басшысы, Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры, 2007-2008 жылдары "СИТ" АҚ Инновациялық технологиялар департаментінің директоры, "Kazsatnet" АҚ Пайдалану департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2000 жылы "Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі" төсбелгісімен, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен, 2004 жылы "Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері" төсбелгісімен, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен, 2015 жылы "Қазақстан Конститутциясына 20 жыл" медалімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен  марапатталған.