Зейнет жасы қысқара ма?

Зейнет жасы қысқара ма?

Зейнет жасы қысқара ма?
ашық дереккөзі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегінше, бүгінде еркектер 9,1 миллион теңге қормен 55 жастан, ал әйелдер 13 миллион теңгемен 51 жастан зейнетке шыға алады. Әлеуметтік көмек пен мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар халық арасында жиі талқыланады. Көмекке мұқтаж жандар қатарына зейнеткерлерді де қоса аламыз. Сондықтан жыл сайын ел дамуына еңбек етіп, терін төккен зейнеткерлер назардан тыс қалмайды. Келер жылдан бастап зейнетке шығатын кей дәрігерлер жасы қысқаруы мүмкін. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізбек.  width=
Ол тізімге хирургтер, акушер-гинеколог және неонатологтар кіреді.
Хирургтер, акушер-гинеколог мамандарымен қатар неонолог дәрігерлерді таңдап алу тегін емес. Ай-күні жетпей туған нәрестелер мен туа біткен даму кемістігі бар бөбектерге күтім жасайтын неонатолог жұмысы аса жауапкершілікті талап етеді. Мәселен Ирина Цубенко есімді маман БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында өз тәжірибесінде 24 апталық шала туған, салмағы 500 грамм ғана шақалақтарды бағып-қаққанын айтты.  width= «Бізге көбіне шала туған балалар түседі. Туа салысымен бізге әкеледі. Аналар сәбиін ешкімге бергісі келмейтіні түсінікті ғой. Эмоцияға беріледі. Олармен жұмыс жасау да оңай емес. Денсаулығында кінәраты бар нәрестелерге күтім жасау өте қиын. Олар сөйлей де алмайды. Өткен жылы біз осындай 40-қа жуық баланы қабылдап, күтім жасап шығардық», – дейді Ирина Цубенко. «Осындай психо-эмоционалдық тұрғыда жұмысы ауыр дәрігерлердің зейнетке ерте шығу мүмкіндігі болуы керек», - дейді министрлік өкілдері. Осыны ескерген мамандар заңға тиісті өзгерістер енгізбек. Сәйкесінше оның өз шарттары болады. Мәселен ертерек зейнетке шығу үшін, дәрігердің зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болу керек. Онда ай сайын тиісті 10 пайыздан бөлек, қосымша қаражат салуға тура келеді.  width= «Бұрын КСРО кезінде жұмысы ауыр дәрігерлерге мұндай мүмкіндік берілген. Зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болса, біз 55 жастан демалысқа шығуды ұсынып отырмыз. Жұмыс өтілі де маңызды. Қанша жыл болуы керегі қазір талқыланып жатыр», – деп түсіндірді ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту РО менеджмент орталығының басшысы Салтанат Ыдырысова.