Гүлбану Майғарина: ЖАС КӘСІПКЕР, СЕНІМ – СЕНІҢ АЛТЫН КЕНІҢ
Гүлбану Майғарина: ЖАС КӘСІПКЕР, СЕНІМ – СЕНІҢ АЛТЫН КЕНІҢ
Қазақстанда соңғы жылдары кәсіпкерлік – қарқынды дамып келеді. Сәйкесінше ер азаматтармен бірге іскер әйелдердің де қатары көбейді. Кейіпкеріміз Гүлбану Майғарина бір жыл ішінде қазақстандық бренд қалыптастырып, алыс-жақын шет мемлекеттерге франшиза сатып үлгерген. Аз уақыт ішінде үлкен белестерді бағындырған Гүлбану Майғарина «Túrkіstan»-business» айдарына арнайы сұхбат беріп, табыс сырымен бөлісті.
– Гүлбану ханым, сіздің есіміңіз де, кәсібіңіз де, жалпы халыққа әзірге бейтаныс. Бірақ «Landzhou» мейрамханаңыз аз уақытта көптің ықыласына бөленіп, жер-жерде ашылып жатыр. Мұның сыры неде?
– Менің туған жерім Ақтөбе облысы. Жұмыс бабымен 17 жыл Нұр-Сұлтан қаласында тұрдым. Ол жақта да кішігірім мейрамхана бизнесімен айналыстым. Бірақ қазіргідей танымал, табысты бола қайған жоқ. Бір жылдан астам уақыт бұрын дәл осы «Landzhou» жедел тамақтану мейрамханасын ашу мақсатында оңтүстік астанамызға қоныс аудардым. Ол 2018 жылдың басы болатын. Алғашқы мейрамханамыз қаңтар айының 5 жұлдызында ашылса, араға 5 ай салып тағы 2 жерден ашуға тура келді. Өйткені сұраныс артып, тұтынушы көбейді. Тіпті, маусым айында алғашқы франшизаны сатып жібердік. 2018 жылдың қыркүйек айында Мәскеуде өтетін жыл сайынғы «By Brand» көрмесіне қатыстық. Көрмеге келушілер біздің өнімді жылы қабылдады. Оның жасалу жолы мен жұмысшылар шеберлігінің сырын сұрап қатты қызыққандар болды. Қазір 8 жерде «Landzhou» жедел тамақтану орындары бар. Оның екеуі «food court» (сауда орындары мен түрлі мекемелерде тамақтануға арналған шағын дәмхана – ред.) қалғаны мейрамхана. Астана мен Атырау қаласында 16 наурыздан бастап қызмет көрсете бастадық, жоспар бойынша мамыр айына дейін Өскемен, Ақтөбе, Шымкент қалаларында «Landzhou» мейрамханалар желісі ашылады. Ал енді мұның сыры десеңіз, нақты бір жауап беру қиын. Ең бастысы тұтынушы ықыласына бөленіп жүрміз. Әйтпесе баса көктеп, жер-жерден жарнамамызды жалаулатқан жоқпыз. Бір келген адам екіншіні ертіп келіп, суретке түсіп, әлеуметтік желіге жүктеп біздің танылуымызға септігін тигізді. Сосын ешкімге ұқсамайтын тағамдарымыздағы дәм ерекшелігі шығар...
– Қазақстанда қытай асханалары, шығыс тағамдарының түр-түрін дайындайтын дәмханалар аз емес. Және олардың көбі өз тұтынушысын тапқан, қалыптасқан брендтер, сізге бәсекелес. Сол форматтағы мейрамхана ашу ойы қайдан келді. Қандай қиындықтарды, кедергілерді бастан өткердіңіз? Болашақта қазақ асханасын ашу ойыңызда бар ма?
– Ерекшелік деп айтуға келер ме екен, келмес пе екен білмедім бірақ, бізде сатылған әр лапшаның 5 теңгесі Аружан Саин басқаратын «Милосердие» қайырымдылық қорына аударылады. Ол қаражат қазақстанда аутизм дертіне шалтыққан балалардың ем-дом шараларына жұмсалады. Бұл менің әуел бастағы ойым, арманым еді. Сосын жұмысшылардың шамамен 98 пайызы қазақтар. Қазір Ресей астанасы Мәскеу қаласында құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Жақын арада «Landzhou» мейрамханасын Мәскеуде ашамыз, кейінгі кезекте Новосибирск қаласы франшизаны сатып алып, дайын отыр. Бір мақсатымыз сол жақта жүрген қазақ бауырларымызды осы мейрамханада жұмыс істеуге жұмылдырсақ дейміз. Бізге көбі «даяшыларыңыздың дені ер азаматтар екен» деп жатады. Оның өз себебі бар, күнұзақ аяқта тұрып, әрлі-берлі жүретін болғандықтан мейлінше 25 жасқа дейінгі азаматтарды жұмысқа аламыз. Оның мамандығы маңызды емес, бастысы, ісіне адалдық танытып, өзін көрсетсе 4-5 айдың ішінде бір мейрамхананың басшысы етіп те тағайындаймыз. Ол жұмысшыларға мотивация береді. Нақты санын айта алмаймын жалпы сегіз орталықта 5 жүзге тарта адам жұмыс атқарады. Оның сыртында 3-4 сағат жұмыс істейтін студенттер мен күн сайын келіп жататын стажерлар бар.
– Ресейдегі алғашқы мейрамхананы өзіміз ашып жатырмыз. Және ол орталық болады. Жоғарыда айтқанымдай өткен жылы «By Brand» көрмесіне қатыстық. Сол кезде франшиза сатуды сұрап қанша адам қолқа салды. Онан өзге қаншама кәсіпкер күн сайын хабарласып, франшиза жайында сұрап жатады. Бірақ өзге ел болғаннан кейін, сынақтан өткізбей ешқандай франшиза сатпаймыз деп бекінгенбіз. Өйткені шығын көлемі қазақстандық бағамен есептелген. Ресейде азық-түлік өнімдері, мейрамхана орнын жалға алу құны мүлдем бөлек. Біз соның бәрін көзбен көріп, есептеп көрмекпіз. Франшиза сатып алушыларға «мейрамхананың орналасқан орны халық көп жүретін аумақта болсын» деген талап қоямыз. Бизнесте «location, location, location» деген қағида бар. Онан бөлек бізде қатырып қоятын мұздатқыштар жоқ. Біз тек салқындатқыш арқылы дайын өнімді бір тәулік қана сақтаймыз. Таңертең келген азық-түлік кешке дейін өтіп кетпесе, ертеңінде жарамай қалады. Сосын тамақты ешуақытта жылытып емес, тапсырыс берген сәттен ғана қазанға саламыз. Осы секілді біздің мейрамхананың арнайы талаптары бар. Баға мен сапаны арнайы қадағалап отырамыз. Қазақстан аумағындағы франшиза бағасы үлкен мейрамханаларға 10 млн болса, «food court» 5 млн теңгені құрайды. Алдын-ала келісім бойынша пайданың 7 пайызы өзімізге қайтады. Сосын бір қағида әр өңірде тек бір адаммен ғана жұмыс істейміз.
– Өзіңіз білесіз биыл елімізде «Жастар жылы». Кәсіпкерлік жолда жүрген, оның ішінде мейрамхана бизнесін жолға қойсам деп мақсат қойған жас мамандарға қандай кеңестер айтасыз?
– Шынымды айтсам бос уақыт жиі бола бермейді. Болған күннің өзінде отбасыммен уақыт өткізуге тырысамын. Бұрындары түрлі жанрдағы кітаптар оқитынмын. Қазір бәрі мейрамхана бизнесіне қатысты. Оны қалай дамыту керек, жүйелеу керек сол жайында. Соңғы оқыған кітабым Гербер Майклдың «предпринимательский миф» атты туындысы. Кітап оқығанда ой немесе идея емес, дұрыс бағдар мен жүйелі кеңес алуға тырысамын. Осы күнге дейін бірде бір бизнес тренингтерге бармаппын. Есесіне Ерлан Алиакпаров есімді азаматтан кеңестер алып тұрамын. Жуырда ол кісіні Мәскеуден арнайы алдырып командама екі күндік тренинг өткіздік. Ол да жұмыстың жеңілдеуі мен ілгерілеуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Бір түсінгенім адамның ішкі сенімі барлық жетістікке бастап барады екен. Жас кәсіпкерлерге «сенім – сенің алтын кенің» деп айтқым келеді.
– Әңгімеңізге рахмет! Кәсібіңіз берекелі болсын!
Әңгімелескен
Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН