Медбике мүгедек жасаушы ма? Немесе олардың біліктілігі неге қадағаланбайды?

Медбике мүгедек жасаушы ма? Немесе олардың біліктілігі неге қадағаланбайды?

Медбике мүгедек жасаушы ма? Немесе олардың біліктілігі неге қадағаланбайды?
ашық дереккөзі
Желіде  1 жасар Нұрислам Тасболаттың клизма жасау кезінде күйіп қалғаны жайлы ақпарат қызу талқыға түсуде. Ол Шымкенттегі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 25 наурыз күні түскен.   Бала құсып, қызуы көтерілгеннен кейін дәрігерлер ЖРВИ диагнозын қойған. Бірнеше күн тамырдан дәрі қабылдаған. 28 наурызда дәрігер клизма жасау керектігін айтқан. Өйткені бала 3 күн бойы үлкен дәретке бармаған. Ал мейірімсіз медбике өз ісіне салғырт қарап ыстық сумен клизма жасаған. Бұл жайында анасы Арайнұр Қалқаман: "клизма жасалғанына 5 күн болса да балада маза жоқ. Жылап жатыр, дәретке отырғанда қан түседі. Дәрігерлер барлық жағдайды жасаймыз, алаңдама деп айтты. Әрине, маған баламның тез жазылып кеткені керек. Осыған құзырлы орындар назар аударса деп суреті мен видеосын желіге салдыртқаным рас», – деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Ал әкесі Ерболат Саменов: «Құзырлы мекеме қызметкерлері кешірім сұрап жатыр, бірақ маған баламның денсаулығы керек», – дейді. Оқыс оқиғадан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та құлағдар болған. «Бұл туралы маған бүгін таңғы 7-де мәлімет келіп түсті. Қазір бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Кімнің кінәлі екенін анықтайтын боламыз. Бұл жайтқа қатысты толық мәліметті кешке дейін беруге тырысамыз», – деді министр журналистерге берген сұқбатында. Ерболат Саменовтың туған ағасы Бекболат Қаражан жанайқайын әлеуметтік желі арқылы жеткізді. «Маған баланың әкесі, өзімнің туған інім Ерболат көңіл күйі бұзылып қазір хабарласты. Кешегі Шымкенттегі «Жұқпалы аурулар ауруханасындағы» дәрігерлердің немқұрайлылығы мен біліксіздігінен балаға қайнаған сумен клизма жасап, реанимациядан шығарып, термиялық күйікке шалдыққан балапанымыздың жағдайы туралы телеарнада аурухананың бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев ақпарат берген болатын. Ол өзінің айтуынша, баланың жағдайы қалыпты, қанағаттанарлық деп тоқтапты. Кеше министрлік тарапынан баланы Шымкент қаласындағы «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы арнайы ауруханаға ауыстырып еді. Мен қазір баланың анасына өзім хабарласып жағдайын білдім. Бала қан құсыпты. Үлкен дәреті да қан аралас болып шыққан. Үлкен дәрет кезінде бала қатты қиналып, шырқырап жылайды. Кішкентай ғана нәресте не айтып, қалай жеткізерін білмейді. Енді жағдай осылай бола тұра аурухананың бас дәрігері баланың денсаулығы қатыпты, қанағаттанарлық деп қалай айтып отыр? Мұны қалай түсінеміз, Амангелді мырза? Біз TengriNews-қа ешқандай да наразылығымыз жоқ, ешқандай да дауымыз жоқ деп ақпарат бермеген едік. Олардың айтып отырғаны не масқара? Мен осы ақпараттарды оқып отырып, жағамды ұстап отырмын. Баланың жағдайы жақсы, ана-анасының ешқандай да дауы мен қарсылығы жоқ деп олар қандай негізбен сөйлеп отыр? Әлде біздің құлағымыз керең, көзіміз көр ме? Әлде арнайы тапсырма алды ма? Мұндай арандатуларын доғармаса, олардың үстінен осы ақпаратты таратқаны үшін жауапқа тартатынымызды қатаң ескертеміз. Баланың ата-анасы ешқандай да сайтқа қарсылығымыз жоқ деп сұхбат берген жоқ. Сіздер осы халыққа қызмет етіп отырсыздар ма? Мынау сайттың таратқан ақпараттары қылмыстық іс жүргізуге негіз болатынан атап өтеміз. Жауап беріңіз осы сұрақтарға, Амангелді мырза! Жандарың ауырмайтын қандай дәрігерсіңдер? Баланың шыбын жаны шырқырап жатқанда, оның тағдырымен ойнағанды доғармасаңдар, алдағы уақытта батыр екендеріңді көреміз... Мен бұл жазбаны министр Біртановтың, министрліктің ресми сайтына тағы да жолдаймын. Баланы бүгін Алматыдағы ауруханаға жан жақты тексеруге ұшақпен алып барады. Денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов мырза бұл жағдайды өз құзырына алып, барлық шараларды жасап отырғанын айтып өтеміз. Мен қазір Елордадағы «Нұротан» ХДП қоғамдық қабылдау кеңесі басшысының орынбасары Арыстанғали Сансызбаевпен хабарластым. Арыстанғали мырза баланы Алматыда немесе Елордада қалдыратыны жайында дәрігер мамандардың өзі шешім қабылдайтынын, өзі министрлік тарапынан бұл жағдайды тағы да қатаң қадағалауға алдыратынын айтты. Мен бұлардың мынау сорақы сөздерінен кейін Шымкенттегі ауруханаларға аса сенімсіздік білдіріп, баланы қайткенде де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен баланы оңалту» орталығына алдырып, дұрыс қарауға, ем-домына жағдай жасаңыздар деп өтініш білдірдім. Себебі, баланың Шымкенттегі ауруханада қайта қалдырылатынына алаңдап отырмыз. Сенбейміз. Бізге қазіргі уақытта баланың денсаулығының жақсаруы ғана үлкен мәселе болып отыр» дейді Б. Қаражан.