Билет арзан, ал ұшақ қауіпсіз бе?

Билет арзан, ал ұшақ қауіпсіз бе?

Билет арзан, ал ұшақ қауіпсіз бе?
ашық дереккөзі

Қазақстанның бірінші лоукостері FlyArystan компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының арасындағы тұрақты байланысты 1 мамыр күні бастайды.

Қос қала арасындағы күнделікті әуе қатынасын, қамтамасыз етеді. Бір бағытқа билет құны – 6999 теңге. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 40 минут болатын әуе сапарына заманауи реактивті Airbus A320 ұшақтары жасақталған.

Сыйымдылығы 180 орындық болатын ұшақтың ашық дереккөзде көрсетілген құны 93,9 млн АҚШ доллар. Ұзындығы 37,34 метр болса, қанатының кеңдігі 34,1 метр. Тарихы сонау 1988 жылдан бастау алады. Ол сол кезеңдегі жолаушылар сыйымдылығы ең көп ұшақ атанған. Жолаушылар шығып, кіруі үшін 4 есігі бар, сондай-ақ, апатты жағдайда шығуға арналған 4 шығу есігі қарастырылған. Әуедегі орташа ұшу ұзақтығы 4600 км. Бірақ запастағы жағармайды қоса есептегенде ұшақ 5500 км еңсере алады.

Airbus маркасына тиесілі А318/319/320 және А321 цифрлы ұшақтар бар. 2019 жылдың мамыр айына дейінгі есеп бойынша апат пен авариялық жағдай әсерінен Airbus ұшақтарының 42 данасы жойылған. Қаза тапқан адамдар саны 1393. Ең қайғылы жағдай ретінде 2015 жылғы Синай аралдарында болған апат тіркелген. Бұл тіпті адамзат тарихындағы ең үлкен әуе апаты. 31 қазан айында Египеттен Ресейге ұшқан ұшақты террористер бомбалап, 224 адам қаза тапқан-ды.  Ал, шын мәнінде Airbus маркалы ұшақтары қауіпсіздер қатарында. Әуедегі электрлі қозғалысқа алғаш қол жеткізген де осы марка еді.

Airbus маркалы А320 ұшағы Алматыдан төрт бағытқа, Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды және Орал қалаларына қатынаса, аталған үш қаладан тек Алматы қаласына ұша алады. 2 сәуірден бастап жолаушылар билетті www.flyarystan.com сайтында брондаумен қатар, борттық тағамға тапсырыс беру, жолжүкті сатып алу, приоритетті отырғызу сынды қызмет түрлерін қосымша алуға болады. «Аталмыш бағдар, отандастарымыз асыға күткен рейстердің бірі болатыны сөзсіз. Бұдан былай 2 сағаттан кем уақыт ішінде, небәрі 6999 теңгеге діттеген жеріне кәсіпкерлермен қатар, қарапайым студенттер де ата-аналарына, туған-туысқандарына тез, әрі жеңіл жете алатыны бізді аса қуантады. Cонымен қатар, кең-байтақ Қазақстанның солтүстік пен оңтүстік өңірлерін рахаттанып тамашалап, жергілікті туризмнің дамуына ықпалын тигізеді деп кәміл сенеміз», – дейді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова. Бұдан бұрын белгілі болғандай, Алматы FlyArystan барша жолаушыларға flyarystan.com ресми сайтта жарияланған тариф ережелерімен мұқият танысуға кеңес береді. Алматы-Тараз бағытындағы билет құны 4999 тг болса, ұшу уақыты 1 сағат. Алматыдан Оралға ұшатын жолаушылар небәрі 12999 тг төлесе болғаны. Ал Қарағандыға дейін 5999 тг.

Дайындаған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН