Балық тасымалдамақ болған әйел ұсталды

Балық тасымалдамақ болған әйел ұсталды

Балық тасымалдамақ болған әйел ұсталды
ашық дереккөзі

Атырауда бекіре тұқымдас балықты тасымалдаған әйел қолға түсті. 44 келі балықты тасымалдамақ болған әйелді ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Бұл туралы Kazinform ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қазір Қазақстанда балықты аулауға қазір тыйым салынған. Аймақтық ІІД қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарованың мәлімдеуінше, қолға түскен әйел балықты жеңіл көлікпен тасымалдаған. Қазір сирек кездесетін немесе жойылу қаупі бар жануарларды заңсыз аулау үшін жауапқа тарту қарастырылған бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында балықты кім және қайдан аулағаны анықталатын болады.