Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды

Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды

Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды
ашық дереккөзі
ҚР ІІМ Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланғанын растады. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жүзуден Олимпиада жеңімпазы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлау фактісіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Шынында, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлау фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камералары аталмыш қылмысты түсіріп алған. Сол себепті, Алматы қаласының Полиция департаментінің жедел қызметкерлері аталған қылмысты жасағандарды ұстайды деген үміттеміз», – деді Юрий Ильин Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетсек, кеше бірқатар БАҚ көздері Алматыда белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрлап кеткені туралы хабарлама таратқан болатын. Баландин достарымен дәмханада тамақтанып шыққаннан кейін, машинасының айнасып таппай қалған. Ұрлық туралы  полицияға хабар берген. «Көлігімнің маркасы Toyota Land Cruiser. Оны Олимпиададан кейін сыйлаған болатын. Бір айнаның бағасы 400 мың теңге шамасында. Айна ұрлығы әлі тоқтаған жоқ. Біздің халық өзгермейді», – деп келтірген болатын спортшының сөздерін  inalmaty.kz сайты.