Ресейден мыңға жуық тәжік мигрантының сүйегі жеткізілді

Ресейден мыңға жуық тәжік мигрантының сүйегі жеткізілді

Ресейден мыңға жуық тәжік мигрантының сүйегі жеткізілді
ашық дереккөзі
Бір жылда Ресейден Тәжікстанға мыңға жуық тәжік мигрантының сүйегі жөнелтілген. Былтыр Ресейден Тәжікстанға көбінде еңбек мигранттарының сүйегі бар 966 “жүк-200” жөнелтілген. Азаттықтың тәжік қызметіне тиген ресми баяндамада, шетелде жұмыс істеп жүрген тәжік мигранттарының өлімі алаңдататыны айтылған. Баяндамада 2018 жылы Ресейден Тәжікстанға алдыңғы жылмен салыстырғанда тәжік азаматының сүйегі тиелген 90 "жүк" артық жөнелтілгені айтылған. Олардың 25-і азаптаулардың нәтижесінде қайтыс болған. 2017 жылы Ресейден 873 тәжік азаматының сүйегі салынған табыт жеткен.