Кәмелет жасына толмаған 2,5 мың қыз некеге тұрған
Кәмелет жасына толмаған 2,5 мың қыз некеге тұрған
Былайша айтқанда, күнде жасы 18-ге толмаған 6-7 қыз тұрмысқа шығып жатады. Бұл мәліметтерді Тәжікстан Жоғарғы соты статистикасына сүйене отырып, Омбудсмен кеңсесі жариялады. Елдің заңына сәйкес, неке жасы 18-ден басталады. Бірақ ерте жүкті болса, не ата-анасы ауру болса, 17 жасында некеге тұруға рұқсат беріледі. Душанбе тұрғыны Зебо 16 жасында тұрмысқа шыққан. Оның қатарластары 10-сынып оқып жүргенде, Зебоның аяғы ауыр болып, босануға дайындалып жүрген. “Үй жұмыстарын жасап жүрдім, бірақ ана болуға, бала күтуге әлі жас едім", – дейді ол. Бүгінде Зебоның жасы 25-те, екі баласы бар. Ол жоғары білім алмағанына қатты өкінеді. Қазір тек балаларын бағып, миграцияда шетелде жүрген күйеуі жіберетін ақшаға ғана қарап отыр.