Украинадағы президент сайлауы: Кім алда?

Украинадағы президент сайлауы: Кім алда?

Украинадағы президент сайлауы: Кім алда?
ашық дереккөзі
Украина Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 0,17 пайыз дауыс берушілердің нәтижесін жариялады. ОСК мәліметі бойынша, Петр Порошенко 24,76 пайыз, Владимир Зеленский – 23,60 пайыз, Юлия Тимошенко – 17,07 пайыз дауыс алған. Төртінші орынға шыққан Анатолий Гриценко 8,63 пайыз алған. Украинада президент сайлауына дауыс беру аяқталған кезде, қатысушылар 63,48 пайыз болған. Мәліметтер ОСК сайтында жарияланды. Бұл алдыңғы сайлауларға қарағанда төмен көрсеткіш (2014 – 66,04%, 2010 – 66,76%). Дауыс беру жексенбі, 31 наурызда өтті. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 8.00-де ашылып, кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеді. Украина Орталық сайлау комиссиясы 39 үміткерді тіркеді. Оның екеуі кейін сайлауға қатысудан бас тартты. Экзит-пол нәтижесі бойынша (сайлау учаскесінен дауыс беріп шыққандардан сауалнама жүргізу), бірде-бір үміткер бірінші турда жеңіске жетпеген. Ол үшін үміткер кемінде 50 пайыз дауыс жинау керек. Ұлттық экзит-пол нәтижесіне сәйкес, Украинада сайлауға қатысқандардың 30,4 пайызы Владимир Зеленскийге дауыс берген. Одан кейінгі орында елдің қазіргі президенті Петр Порошенко келе жатыр. Ол 17,8 пайыз дауыс жинаған. Ал үшінші орындағы "Батькивщина" партиясының лидері Юлия Тимошенконың жинаған дауысы - 14,2 пайыз. ​Сайлау нәтижелері 10 сәуірге дейін жарияланады. Кандидаттың ешбірі бірінші турда 50 пайыздан көп дауыс жинай алмаса, 21 сәуірге жоспарланған екінші тур өтеді. Сайлауды ақырғы нәтижесі 1 мамырға дейін белгілі болады. Украина президенті бес жылға сайланады. Елдің орталық сайлау комиссиясы 17 ел және 19 халықаралық ұйымнан келген шамамен 2400 халықаралық бақылаушыны тіркеген. Бірақ олардың арасында Ресей азаматтары жоқ. Жоғары рада бұған дейін Ресейді "агрессор мемлекет" ретінде танып, сайлауды бақылау мүмкіндігінен айырған.