Жаңалықтар

ӘНШІ ӘБДІЖАППАРДЫҢ БАСЫ НЕГЕ ДАУҒА ІЛІКТІ?

ашық дереккөзі

ӘНШІ ӘБДІЖАППАРДЫҢ БАСЫ НЕГЕ ДАУҒА ІЛІКТІ?

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші наурыз айы аяқталуға таяған шақта жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа отандық телеарнаның біріне сұхбат беріп, ата тегіне қатысты біршама ойын ортаға салды. Көпке түсінікті болу үшін әңгімені әріден тарқатсақ. Әбдіжаппар көп сұхбаттарында «мені түрік, өзбек ұлтының азаматы деп ойлайтындарға «мен қазақпын, тегім қожа» деп айтудан шаршадым» деп жүр. Десек те әнші жайлы сөз бола қалса, оның руы, шыққан жері айтылмай қалмайды. Осы жолы қожалардың бағзыдан келе жатқан құдалық жөн-жоралғысын, салт-дәстүрін сөз етіп Әбдіжаппардың басы біраз дауға қалды. Әлеуметтік желі қолданушылар пікірі екіге жарылып ақтау мен даттауды аяп қалмады. Аманкелді Қайратұлы есімді желі қолданушысы: «Пайғамбарымыздың ұлдарының барлығы өзінің көзі тірі кезінде бақилық болған. Бұның ғибраты сол, пайғамбар өлген соң балаларын пайғамбар тұтып кетпеуі еді деп тәмсілдейді білетіндер. Алайда өзіміздің түсінікке салып, пайғамбардан ұрпақ қалмаған екен ғой деген ой түюге болмайды. Себебі, арабтарда ұрпақ қыз жағынан да жалғаса береді. Бүгінгі таңда да әлемнің әр түкпірінде асыл пайғамбарымыздың ұрпақтары өмір сүруде. Сол пайғамбарымыздың ақыр заманға қарай Мәхди есімді өз ұрпағынан болған ер адамның келетіні және оның барлық елді дінге бастайтыны айтылады. Сондықтан, өздерін пайғамбар ұрпағы санайтын кейінгілер өзгелермен қыз берісіп, қыз алусыды жөн санамаған. Себебі Мәхди өз араларынан шығады деп үміт еткен. Әйтпесе қасындағылар мен құлды да қатар қойып, адамдықтың мәңгі өлмес өнегесін көрсеткен пайғамбар да сахабалар да табиғиндар да олардың ұрпақтары да өзге ұлтты кемсітіп кем көрмеген. Сөйтіп заман өтіп, уақыт өзгеріп кете барды емес пе. Мәхдиді өз араларынан күткен бұрынғылар солай некеге сақ қараған. Енді, аталарымыз өйткен екен, бүйткен екен деп бүгінгілердің айтуы заңдылық қой. Әбдіжаппар да қан араласып кетіпті дегенде басқа нәрсені айтқысы келген болар. Әйтпесе генетикада несі бар. Әрине, бұл жігітке де біраз іздену керек. Өйткені ишанның шығып-шықпауы қанға емес жанға байланысты. Қалай болғанда да ақ қарасы айырылмаған ақпарат. Журналистің құр сенсәция жариялауы» деп жазды. Бәрінен де отқа май құйып, желідегілердің ызасын келтірген белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбектің эмоцияға толы жазбасы болды. «Султан Сүлеев! Ата тегін айтқаны, қан араласқанын айтқаны үшін адамды кінәлау, ессіз деу естілік емес. Сосын жер бетінде қаны араласпаған халық жоқ. Қазақтың көбінде қалмақтың, моңғолдың, ноғайдың қаны бар. Абылай Шыңғыс ханның ұрпағы, оның шешесі де, екінші қатыны да жоңғар қызы. Қазекемдер ұлы, данышпан атап жүрген М.Әуезов қожа. Біз кіші жүз әлімдер де, адай, беріш, байұлы т.б. Қазақ хандығы дегеннің құрамында болған емеспіз. Орыстар да өздерінің бастауы қайда жатқанын әлі білмейді. Не болса соған шуылдап не көрінді? Қазақ қатын қалаштарының фб тан басқа істейтін ісі жоқ екені көрініп тұр. Бассыз, құр шуылдақ ұлтпыз. Шынында қожалар да, төрелер де таза өз қанын сақтауы керек еді» деді М. Кенжебай. Әбдіжаппарды кінәлаған жұрт қарасы көбейгесін бе, Айгүл Орынбектің «...өздері дуана сияқты қаңғып келіп, қазақтар кеңпейіл жайлы болған соң осында қалып қойды» деген жазбасы шамына тиді ме екен әншінің туған әпкесі Роза Әлқожа да мәселенің ақ-қарасын айырып беруге көшті. Танымал продюсер Әлия Құдайберген жеке парақшасына: «Әбдіжаппардың әкесін де, анасын да, әпкесін де, бауырларын да өте жақсы танитын адам ретінде айтарым: олар қазақтың қандай ел екенін, оның салт-санасы, дәстүрі қандай екенін күнделікті тіршілігінде көрсетіп, дәлелдеп, ұрпағының санасына сіңдіріп келе жатқан жандар. Сондай дәстүрлі отбасында өскен бала ешқашанда қазаққа қарсы сөз айтпайды. Өзі де солай депті, міне. Осындай бір былықтарды ұйымдастыратын адамдардың болашақтан үміті не екен деп таңғалам?! Өзі ғой әлі жас, мұндай сөздің талайынан өтеді. Әке-шешесінен ұят емес пе? Ақ орамалын арындай аялап, әр перзентін еліне адал қызмет етсін деп, ақ сүтін берген анасының көңілін неге ойламайды, сол блогерлер? Қожа кім, қара кім, оның тарихы бар емес пе? Бүлінген, бөлінген түк те жоқ. Ол бұрыннан бар сөз. Мысалы, біздің жақта қожа қожадан қыз алады, қожа қожаға қыз береді. Тіпті, қожаға үйленбеген ұлымен әкесі "қан бұзылды" деп, араласпай қоятын, қожаға бармадың деп, қызының бетін көрмей кететін де жағдайлар бар. Оны біз қалыпты қабылдаймыз, мысалы. Ал, бұл мәселеден хабарсыз адамдар дұрыс түсінбеуі, оны бөлінушілік, бұзбекерлік деп түсінуі әбден мүмкін. Бұл отбасында ондай қаталдық жоқ қой. Ұлы да, қызы да сүйгендерімен бірге. Әлі жап-жас баланың қанатын қайырып, сағын сындырғанда сол бала өшіп қалмас. Талантты бала. Өресіз емес. Еңбекқор. Роза өсірген бала ғой! Сөзден жаңылған шығар, әрі кетсе. Ұят қой. Айналысатын басқа тірлік жоқ па?!», – деп халықты түсіністікке шақырды. Ақын Ұларбек Дәлейұлының: «Ру мен жерге бөлінген Қазақтың келешегі тұман. Ал, мына бір нәрсе есімізде болғаны дұрыс шығар: Тарихтан өзім мойындайтын, «ақсүйектер» деп аталған рулық топ – Шыңғыс тұқымдары, яғни, төрелер. Олар Қазақ алдында өз міндетін абыроймен өтеді. Қажет кезде басын берді, қанын төкті. Қожалар діни ағартумен айналысты. Дін арқылы ішкі бірлікті ұстауға күш салды.  Ешкімді алалаудың керегі жоқ-ау» дегені рулық түйткіл жалпыхалықтық сипат алмау керек екенін аңғартты. Танымал журналист Гүлбағыш Бостан да мәселенің байыбына барып, пікір білдіру керегін. Фейк ақпарат пен хайп жарнаманының аражігін ажыратпай әңгіме айту қате екенін айтып қалды. «Тағы да сол сүйікті тақырыбымыз - текті-тексіз, ақсүйек-қарасүйек боп жырғап жатыр екенбіз ғой. )) Құдая тоба, айналдырған он миллионның айналасындағы жұрт, бітірген ісі шамалы. Неткен тәкәппарлық десеңізші. "Көкмойнақтың үйірі" дерсіз. Асыл тұқымы туралы айтқанда бірінен бірі өтеді. Құдды жетпіс жеті ата-бабасына өздері акушер болғандай еседі. Басынан үркіншілік, соғыс, ашаршылық, нәубет өтпеген, мұхиттың ортасындағы жеке аралда тұрған елдің ұрпағындай көсіледі. Және сол жазбаны көбі «шатадан туған» данышпан ойлап тапқан гаджетке жазып жатқанын ұмытады. Қазіргі әлемдегі ұлы өнерпаздар – Анджелина Джолидің неліктен күйеуімен қосылып африкадан балалар асырап алып жүргенін, ұлы актер Александр Серебряковтың неге жетімханадан ұлдар өсіріп отырғанын түсіне алмай кететін шығар бұ жазғандар... ))», – деген журналист Қасым Аманжол да желі қолданушыларын сын тезінен бір өткізіп алды. Тәулік бойы толассыз тулаған қожа руы жайлы жазбалар әсер етсе керек, белгілі журналист Құдияр Біләл желіге «Қожа» атты циклдық жазба қалдырды. Оның басында қожа ұғымына тоқталмай Әбдіжаппар айтқан «қара» атауына түсінік берген.