Алматыдан Таразға 5 000 теңгеге ұшып баруға болады

Алматыдан Таразға 5 000 теңгеге ұшып баруға болады

Алматыдан Таразға 5 000 теңгеге ұшып баруға болады
ашық дереккөзі
FlyArystan әуекомпаниясы 2019 жылдың 1 мамырынан бастап Алматыдан Таразға қатынайтынын хабарлайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сапар ұзақтығы 60 минут болатын біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса есептегенде 4 999 теңгеден басталатыны айтылады. FlyArystan өкілдерінің айтуынша, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен 180 орындық, заманауи Airbus A320 ұшақтары күнделікті сапарға аттанады. Осылайша, жаңа әуекомпания осы бағыт бойынша бір жылда 130 000 аса жолаушыны тасымалдайды. «Біздің басты мақсатымыз барша қазақстандықтарға қолжетімді, әрі жайлы сапар шегу мүмкіндін сыйлап, тарихы мен мәдениеті бай өлкемізді жан-жағынан ашып көрсету. Ыстық автобус, поездбен діттеген жерге жету біраз уақытты алатыны құпия емес. Бұдан былай отандастарымыз FlyArystan арқылы Қазақстан ішінде жеңіл қатынап, жақын туыстарына жиірек қонаққа барады деген үміттеміз. Ал кәсіпкерлер серіктестерімен байланысты лезде орнатып, жолға алтын уақыттарын жоғалтпай, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен қатынау арқылы екі қаланың арасындағы экономикалық байланысты одан әрі жақындай түсіреді», - деп сенім білдірді әуекомпанияның сату мен маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова. Тараз қаласының әкімідігі тарихы 2000 жылдан асқан Таразға күнделікті қатынайтын рейстер, Тектұрмас, Қарахан мен Айша бибі кесенелері, ЮНЕСКО бірегей деп таныған Ақыртас қалашығы сияқты тарихи және мәдени мұралар жергілікті ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристтерді де қызықтырып, ешбір қиындықсыз оңтүстік астанадан жетуге мүмкіндік береді деп санайды. Еске салайық, 2018 жылы құрылған алғашқы қазақстандық FlyArystan лоукостері халықаралық бюджеттік компаниялар бизнес қағидаларына сай жұмыс істеп, әрбір жолаушыға қалаған орынды таңдау, қосымша жүкті тапсыру, борттық тағамға тапсырыс беру секілді қызмет түрлерін өз еріктерімен таңдап алуға мүмкіндігін береді.