Бангладеш тұрғыны бір айда екі рет босанды
Бангладеш тұрғыны бір айда екі рет босанды
Бангладеш тұрғыны дүниеге ұл әкелгеннен кейін 26 күннен соң егіз туды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Asia One порталына сілтеме жасап.
20 жастағы Арифа Султананың тұңғышы ақпанның соңында дүниеге келген. Арифа қиналмай босанған. Бірақ дәрігерлер әйелде сирек кездесетін ауытқушылыққа байланысты екінші жатыр бар екенін байқамаған. Екінші жатырда тағы екі нәресте өсіп жатқан.
Бір айдан соң Султананың тағы да суы кеткен. Дәрігерлер оған кесарь тілігін жасап, егіздерді алып шықты. Қыз бен ұл баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.