Ұлттық банк ескерткіш монеталар шығарды

Ұлттық банк ескерткіш монеталар шығарды

Ұлттық банк ескерткіш монеталар шығарды
ашық дереккөзі

Бүгіннен бастап Ұлттық банк «М.Ғабдуллинге 100 жыл» және «Еуразиялық экономикалық одақ» ескерткіш монеталарын айналымға шығармақ. Аталмыш монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясы бойынша жасалады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткері, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 10 жыл толады. «М.Ғабдуллинге 100 жыл» ескерткіш монетасының 500 теңгелік номиналы сапалы күмістен және 50 теңгелік номиналы нейзильбер қоспасынан жасалған. Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) Мәлік Ғабдуллиннің бейнесі салынған. Портреттің сол жағында «100 жыл» деген жазба бар. Сонымен қатар, монетаға айналдыра «Мәлік Ғабдуллин» және «2015» деген жазбалар орналастырылған. Нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет жағында (аверсінде) қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 теңге» деген жазба бар. номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген.

«Еуразиялық экономикалық одақ» ескерткіш монеталары Еуразиялық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде Одақтың бір жылдығына ескерткіш монеталарды қатар шығару жөніндегі ұсынысына сай дайындалды. Бұл монеталардың бет жағында мемлекеттік тілдегі «Қазақстан Республикасы» деген жазба бар.