Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруы кезінде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды.

Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

 

Back to top button