Елорда атауын өзгертуді қолдайды

Батыс Қазақстан облысында Nur Otan партиясы бастауыш ұйымдарының форумы өтті. Форумға Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбегін еске алу үшін Nur Otan партиясының белсенділері жиналды.

Жиында бастауыш партия ұйымдарының мүшелері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктері туралы айтты. Форум жұмысына бастауыш партия ұйымдары мүшелерімен  қатар, елорда атауының өзгеруін қолдайтын батысқазақстандықтар қатысты.

Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен әлемде көптеген қалаларға белгілі мемлекет қайраткерлерінің есімі берілетінін айтып өртті. Жиналғандарға  Тұңғыш Президенттің еңбегі, реформаларының халықтың жаппай қолдауына ие болғаны туралы сөз болды.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар 90 жылдары ел қандай жағдайда болғанын еске алды. «Нұрсұлтан Назарбаев  ұсынған реформалар елді бүкіл әлемге танымал етті. Қазіргі таңда әлемді таң қалдырған қала тұрғызудың өзі Елбасымыздың үлкен көрегендігі деп есептеймін. Астана қаласына Елбасы аты берілуі заңды құбылыс. Иә, қазір     әртүрлі пікірлер туындап жатыр, бірақ түбінде тарих өзі таразылайды.    Сондықтан қазір Нұр-Сұлтан атауына үйренбегендіктен қызық болып көрінгенмен, түбінде ол Елбасымыздың үлкен еңбегі деп бағаланатын болады, ұрпаққа мұра болып қалады», – деді «Өрлеу» БАҰО» АҚ бастауыш партия ұйымының төрайымы Софья Ізмұханбетова.

Бұл пікірді Nur Otan партиясы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері де қолдады. «Тұңғыш Президент әрқашан жастарға ерекше көңіл бөлді, соңғы мысалдардың бірі – 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы. Бір жыл бойы жастардың жол картасы қабылданып, онда  жастардың әртүрлі топтарын қолдау бойынша жүйелі шаралар айқын  белгіленген. Жастарға қатысты барлық мемлекеттік бағдарламалар  жалғасатын болады деп сеніммен айта аламын», – деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев тілге тиек етті.

Айта кетейік, облыс бойынша 275 бастауыш партия ұйымдары бар, олардың 64-і бүгін форум жұмысына қатысты.

 

Back to top button