"Сардар" кешенді олимпиадасы басталды

"Сардар" кешенді олимпиадасы басталды

"Сардар" кешенді олимпиадасы басталды
ашық дереккөзі
Алматыда "Сардар" кешенді олимпиадасы басталып кетті. Алматыда 30 наурызда аяқталатын қаламыздағы жалпы білім беретін мекемелердің 11 сынып оқушыларына арналған олимпиада өтіп жатыр. Балалар теориялық және тәжірибелік білімдерімен жарысады.  width=Бастапқыда оларға физика, математика, қазақ (орыс) тілі, алғашқы әскери даярлаудан тестілік тапсырмаларды орындау шарт. Содан кейін дене жəне әскери-қолданбалы дайындықтарын көрсету, 3000м кросс, тартылу жəне 100 м жүгіру, жеке саптық дайындық, АК-74 автоматын бөлшектеу жəне жинау керек.  width=Айта кету керек, олимпиада Республикамыздың барлық қалаларында жыл сайын өткізіледі жəне Қазақстанның әскери ЖОО түсу үшін үздік үміткерлерді анықтайды. Олимпиада еліміздің Қарулы Күштерінде әскери қызметтің мәртебесін көтеруге ықпалын тигізеді жəне басқа да жарыстар сияқты көздеген мақсатқа жетуге тəрбиелейді, күйзелісті жеңуге жəне сəтсіздіктерден қорықпауға үйретеді. Бəсекелестік рухы оқушылардың қызығушылығын арттырып, алға жетелейді, алайда бұған қарамастан, олимпиадалардың басты артықшылығы - бірігушілік. Бұл жерде көбісі ниеттес достарын кезіктірумен қатар, жаңа жолдастар тауып жатады. "Сардар" олимпиадасы оқушылардың өзін көрсетуге, таланттарын паш етіп, ой өрісін кеңейтуге, өмірлік қызығушылықтарын анықтауға жəне жеке қабілеттіктерін ары қарай дамытуға зор мүмкіндіктер береді, - деп Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Амантай Өсербаев қорытындылады. 30 наурызда Олимпиаданың қалалық кезеңінде еліміздегі барлық әскери жəне азаматтық мектептердің түлектері қатысатын республикалық турға қатысушыларды іріктеумен аяқталады. "Сардар" олимпиадасы Қазақстанның әскери жоғарғы оқу орындарына түсу үшін үздік үміткерлерді анықтайды.