Жаркент маңындағы апаттан 3 адам қаза тапты

Жаркент маңындағы апаттан 3 адам қаза тапты

Жаркент маңындағы апаттан 3 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Жаркент қаласының маңындағы тасжолда жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  25 наурызға қараған түні Алматы - "Қорғас" автожолының 313-шақырымында Audi 100 мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан. «Оқиға орнында Toyota жүргізушісі қаза болды. Екі жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Сонымен қатар, Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді», - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, апаттан соң сараптама жасалған, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.