Конор МакГрегор спортпен қош айтысты

Ирландиялық файтер, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ММА-ден кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

«Ей, жігіттер, жылдам хабарландыру, бүгінде аралас жекпе-жек деп аталатын спорт түрінен кетуді ұйғардым», – деп жазды спортшы Twitter желісінде.

UFC аясындағы соңғы жекпе-жегінде МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін ресейлік спортшы ирландиялықтың командасымен сөзге келіп, кейін арты төбелеске жалғаcқан еді. Салдарынан екі файтер де спорттан уақытша шеттетілді.

Back to top button