Әлия Назарбаева "Қазақ елі" фильміне түспейді

Әлия Назарбаева "Қазақ елі" фильміне түспейді

Әлия Назарбаева "Қазақ елі" фильміне түспейді
ашық дереккөзі

Әлия Назарбаева Әмір Темірдің немересін сомдаудан бас тартты. Оны «Қазақ елі» фильмінен көргісі келгендердің үміті ақталмады.  Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет пен өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

“Фильмді түсірушілер осындай ұсыныс жасаған соң оның қызығушылық білдіргені бізді қуантты. Алайда Әлия Нұрсұлтанқызы әлеуметтік маңызды, өте белсенді өмір кешуде және мәдени шараларды қолдауда. Бүгінде ол қауырт жұмыста, сондықтан ризашылығын білдіріп, фильмге қатыса алмайтынын жеткізді. Келесіде келісімін береді деген үміттеміз”, – деді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаеваның аталмыш фильмде Әмір Темірдің немересі, Ұлықбектің қызы Рәбия сұлтан бегім рөлін cомдайды деп хабарланған болатын.

«Қазақ елі» келер жылдың көктемінде көрерменге жол тартпақ. Қазір түсіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алайда фильмді түсіруші топ бөлінген қаржының аздық ететінін, картина сапалы шығуы үшін демеуші тарту қажеттігін мәлімдеген еді.  Сондықтан Қазақстанда тұңғыш рет краудфандинг (халықтық қаржыландыру) жобасы іске қосылды. Кез келген адам фильмге өз үлесін қоса алады. Қаржы жинау "Қазақ Елі" фильмінің ресми сайтында жүріп жатыр: Qazaqeli550.kz.