Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды

26 наурыз, 2019 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды», - делінген Жарлықта. Еске салайық, бұған дейін Әсет Исекешевтің Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылып, оның орнына Бақытжан Сағынтаевтың келгені хабарланған еді.