Елордадағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан

Елордадағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан

Елордадағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан
ашық дереккөзі
«Астана LRT» елордада үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы № 303 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды», - деді «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева. Осы орайда ол апаттың мән-жайы қазіргі кезде нақтыланып жатқанын атап өтті. «Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен адамдар бар. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 53-ші бағдар мен бірнеше жеңіл көлік қақтығысты. Оқиға бойынша қосымша мәліметті хабарлайтын боламыз»,  - деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды.