ЕУРО-2020 бойтұмары таныстырылды

ЕУРО-2020 бойтұмары таныстырылды

ЕУРО-2020 бойтұмары таныстырылды
ашық дереккөзі
Амстердамда матч алдындағы шоу барысында УЕФА ЕУРО-2020 ресми бойтұмарын таныстырды. Оның есімі - Скиллзи. ЕУРО-2020 бойтұмары фристайл мен көше футболын жақсы көреді, деп хабарлады ҚазАқпарат uefa.com сайтына сілтемемен. Нидерланд - Германия арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчына жиналған 55 мың көрермен танымал фристайлерлер Лив Кук пен Тобиас Бекспен бірге Скиллзидің техникасына куә болды. «Бізге фристайл мен көше футболының әдемілігін бүкіл Еуропаның жанкүйерлеріне көрсетуге тамаша мүмкіндік туды», - деді Лив. ЕУРО-2020 чемпионаты өтетін 12 елдің тұрғындары видео түсіріп, өз қаласын таныстыра алады. Лив пен Тобиас үздік видеоларды іріктеп, дауыс беруге шығарады. Содан кейін жанкүйерлер ЕУРО-2020 әр қаласынан бір қыз бен бір жігітті таңдайды. Еуропа біріншілігі Амстердам, Баку, Бильбао, Будапешт, Бухарест, Глазго, Дублин, Копенгаген, Лондон, Мюнхен, Рим және Санкт-Петербург қалаларында өтеді. Осы іріктеуден өткен 24 адам түрлі шараларда өз мүмкіндіктерін көрсете алады. «ЕУРО-2020 тарихтағы ең ірі спорттық шаралардың бірі болмақ. Фристайл оны қызықтырақ ете түседі», - деді фристайлдан Еуропаның бұрынғы чемпионы норвегиялық Тобиас.