Жаңалықтар

Наурыз мерекесі Түркияда тойланды

ашық дереккөзі

Наурыз мерекесі Түркияда тойланды

Түркия Президенті Бас кеңесшісі Я.Топчу «Түркі әлемі, Қазақстан және бауырлас қазақ халқы, Ақсақалымыз, Білге көшбасшы Құрметті Назарбаевтың ауқымды мемлекеттік және саяси тәжірибесінің әрдайым қажеттілігін сезінеді» 2019 ж. 22 наурызда Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде Наурыз мерекесі тойланды. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Елші А.Сапарбекұлы атаулы күннің Қазақстан қоғамындағы маңыздылығына тоқтала отырып, барша қонақтарды шырайлы мерекемен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 19 наурыз күнгі Қазақстан халқына жолдауы туралы сөз қозғаған Елші Абзал Сапарбекұлы «Біз, тек Қазақстан халқы емес, түгел түркі жұрты ретiнде Елбасымыз, Түркі әлемінің дана көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың білімі мен тәжірибесінен үлгі алуды жалғастыра береміз»,- деді. Әлемдік бейбітшілік мақсатында атқарған қызметтері, мәмілегер ретінде жаһандық проблемалардың шешімі жолындағы кайраткерлігін атап өткен Я.Топчу «Түркі әлемі, Қазақстан және бауырлас қазақ халқы, Ақсақалымыз, Білге көшбасшы Құрметті Назарбаевтың ауқымды мемлекеттік және саяси тәжірибесінің әрдайым қажеттілігін сезінеді. Түркия осы күнге дейінгі Қазақстанға деген қолдауын ешқашан үзбейді»,- деді. Тәжірибелі мемлекет қайраткері Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа қызметіне кірісуімен құттықтаған Я.Топчу жаңа Президентке сәттілік тіледі. Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуін ыстық ықыласпен қарсы алған ТР Президенті Бас кеңесшісі Наурыздың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан баршаға алғысын білдіре отырып, Қазақстан халқы және Түркі-Ислам әлемін Наурыз мейрамымен құттықтады. Мерекелік шарада жиналған қауымға қазақтың салт дәстүрлері көрсетілді. Атап айтқанда, Қыдыр атаның бата беруі, беташар және тұсаукесер дәстүрлерінің сахналық көрсетілімі шетел қонақтарын тәнті етті.