Атырауда қаза тапқан полицейді мыңдаған адам соңғы сапарға шығарып салды

Махамбет ауданының Береке ауылында суға батып бара жатқан әйелді құтқарамын деп, қаза болған 24 жастағы полиция сержанты Шалқар Әкімғалиевті жерлеу рәсімі өткен болатын деп, хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу шеруінде ағайын- туыстары, дос-жарандары мен қаланың мыңдаған тұрғындары қатысқан еді. Батыр жерлестерін ақтық сапарға шығарып салуға ІІМ , Атырау облыстық және қалалық әкімдігінің қызметкерлері, ҚР Сенат депутаты, ішкі істер органдарының ардагерлері, аймақтағы барлық күштік құрылымдардың және қоғамдық ұйымдардың мүшелері, Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының ресми өкілі бастаған Атыраудағы барлық имамдар, жергілікті депутаттар, прокуратура органдарының өкілдері қатысты.  Сенат спикері Дариға Назарбаеваның, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының, Ішкі істер министрінің  көңіл айту жедел хаттары оқылды.

IMG 0764 23 03 19 03 32

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев марқұмның отбасына көңіл айтып, бұл бір әулеттің ғана емес, бүкіл елдің қайғысы екендігін атап өтті.

«Бүгін ауыр күн. Бұл ағайын- туыстардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың ортақ қайғысы, сондықтан, біз сіздермен бірге қайғырып отырмыз. Марқұмның есімі жүрегімізде мәңгі сақталады. Осындай мақтаулы ұлды тәрбиелегендерің үшін Сіздердің алдарыңызда бас иеміз»,- деді Нұрлан Ноғаев.

IMG 0762 23 03 19 03 32

Полицейдің зираты басында үш рет мылтық атылды.

Ішкі істер органдарында Шалқар Акымғалиев бес жылдан астам уақыт қызмет етіп келген. 1  сәуірде 25 жасқа толар еді.

 

 

Back to top button