Астана – Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілді

Астана – Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілді

Астана – Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілді
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                                   Қ.Тоқаев Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз