Жаңалықтар

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

ашық дереккөзі

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

Қазақстандық балуан Сергей Цирюльников 57 секундта 32 блокнотты жыртты, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырауда Наурыз мейрамына арналған шаралар жалғасуда. Бес мыңға жуық көрермен Сұлтан Бейбарыс алаңындағы музыкалық-театрландырылған қойылымды тамашалады. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзін өткен түнде қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымбековты еске алумен бастады. Тәуелсіздік жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін арттырды, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтты, республиканың қалыптасуындағы оның рөлі өлшеусіз, - деді Нұрлан Ноғаев.- Әлемдік қауымдастық үшін еліміз әруақыт Қазақстанның Бірінші Президентінің жетістіктерімен егіз атала береді. Мерекенің құрметті қонағы – қазақстандық балуан Сергей Цирюльников әлемдік рекорд орнатып, 57 секундта 32 блокнот жыртты. Наурыз мерекесіне арналған шаралар кешке дейін жалғасады. Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония оркестрінің концерті, ең әдемі киіз үй байқауы, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Айта кетейік, Сұлтан Бейбарыс алаңында өңірдегі мекемелер мен компаниялар 22 ағаш үй тіккен. Қала бойынша 45 киіз үй тігілді.