Талдықорғанда мерекеге орай 5 мың литр Наурыз көже мен 1 тонна бауырсақ тегін таратылды

Талдықорғанда мерекеге орай 5 мың литр Наурыз көже мен 1 тонна бауырсақ тегін таратылды

Талдықорғанда мерекеге орай 5 мың литр Наурыз көже мен 1 тонна бауырсақ тегін таратылды
ашық дереккөзі
Наурыз мерекесіне орай талдықорғандықтар мен қала қонақтарына 5 мың литр Наурыз көже мен 1 тонна бауырсақ тегін таратылды. Жетісулық жұртшылығы «Жастар» саябағында қыдырып, мерекелік шараларды тамашалады. Облыс әкімі Амандық Баталов кішкентай балғындардың тұсауын кесіп, көпшілікті Ұлыс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі Талдықорған қаласында бұлақтың көзін ашып, № 28 ІТ мектептің алдына ағаш отырғызудан басталды. Бұл іске облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері, Ассамблея мүшелері, жастар мен оқушылар атсалысты. Қаланың 8-ші шағын ауданындағы 56 пәтерлі тұрғын пайдалануға беріліп кілттері тапсырылды.  width= Осы күні «Жастар» Спорт сарайының аумағында орналасқан «Тайқазан алаңында» мерекеге арналған 1 тонна бауырсақ пен 5 мың литр Наурыз көже келген адамдарға тегін таратылды. Мемлекеттік Ту алаңында Жастар ауылы құрылды. Осы жерде ата-аналардың сұрауымен облыс әкімі Амандық Баталов «Тұсау кесер» рәсімін атқарып, кішкентай бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар үлестірілді. «Жастар» мәдени-демалыс саябағының кіреберісінде «Жетісу» телеарнасының 20 жылдығына арналған көрме, мерекелік бағдарламалар, ұлттық қолөнер көрмесі, ұлттық ойындар және т.б. ойын-сауық ұсынылды. «Наурыз тартуы» деген атпен ұлттық тағамдар – жент, талқан, балқаймақ, кілегей, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік және басқа да дәмдер, сол сияқты ұлттық сый-кәделер қойылды. «Ұлы Даланың жеті қыры» киіз үйлер алаңында жеті киіз үй тігіліп, Елбасы бағдарламасы бойынша «Ашық аспан астындағы мұражай экспозициясының» көрмелері таныстырылды. Саябақтың негізгі сахнасында мереке табиғаттың оянауын, Наурыз ұлағаты мен рәсімдерін паш ете білген «Күлімде, Наурыз, күлімде!» атты музыкалық-хореографиялық көрініспен басталды. Ән мен бидің барлығы да Наурыз тақырыбына арналып, көктемнің шуақты мерекесінің бар сән-салтанатын, болмыс-бітімін, мән-мазмұнын аша білді. Жиналған қауымды мерекемен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов: - Әз Наурыз – еңсесі биік елдіктің, іргесі бекем бірліктің, сарқылмас ырыстың бастауы. Ұлыстың ұлы күнін халқымыз жыл сайын шат көңіл, кең пейілмен қарсы алады. Бұл мереке көп этносты Қазақстан халқын достық пен татулыққа шақырып, игі істерге жұмылдырып келеді. Жыл басы саналатын осы мерейлі күнінде өткен жыл еліміз үшін табысты кезең болғанын ризашылықпен айтамыз. Жыл басы Наурыз Отанымызға жаңа табыстар әкелсін. Қазақстанның абыройы артып, айбыны асқақ болсын! Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа бақыт пен шаттық орнап, құт дарысын! Баршаңызға көктемдей көңіл күй, молшылық, береке-бірлік тілеймін! Ұлыс оң болсын,  мереке құтты болсын! – деді өз құттықтауында.  width= Сонымен қатар «Батамен ел көгерер» республикалық байқауының жеңімпазы, ақсақал Жақыпбек Өмірбек мерекелік тілегін білдіріп, бата берді. Алтынай Жорабаева, Кәмшат Жорабаева, Алишер Каримов сынды өнер жұлдыздары мен облыстық өнер ұжымдары жетісулықтарға мерекелік көңіл күй сылайды. Еске салсақ, кешкілік «Жастар» саябағында жастарға арналған «Көктем мерекесінің жарық жұлдыздары» атты екі сағаттық дискобағдарлама ұйымдастырылады.