ҚР Президенті  Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті  Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті  Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионатында «күміс» еншілеген мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады. «Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды! Тарихта тұңғыш рет төрт айналым әдісін орындады! Жарайсың! Құттықтаймын!», – деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. Еске сала кетсек, Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алды. Ол әлем чемпионатында подиумға көтерілген қазақстандық ретінде тарихқа енді. Еске сала кетсек, Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алды. Элизабет Тұрсынбаеваның жалпы ұпайы 224.76 болды. Алтын медальді ресейлік Алина Загитова иеленді. Оның ұпай саны 237.50. Қола медальді тағы бір ресейлік спортшы Евгения Медведева жеңіп алды. Оның ұпайы 223.80.