Жаңа Зенландияда мешіттерде оқ жаудырған лаңкес өмір бойы бас бостандығынан айырылады
Жаңа Зенландияда мешіттерде оқ жаудырған лаңкес өмір бойы бас бостандығынан айырылады
Жаңа Зеландияда Крайстчёрч қаласында екі мешітте адамдарға оқ жаудырған лаңкес өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы Жаңа Зеландияның вице-премьері хабарлады.
Ол терактіні «барлығымызға жасалған шабуыл» деді. Сондай-ақ ол терект фактісі бойынша ел тарихындағы ең ірі тергеу жүргізіліп жатқандығын айтты. «Лаңкес қалған өмірін жеке камерада өткізетін болады», деп қосты ол.
Еске сала кетейік, өткен жұма күні Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласында белгісіз біреу екі мешітке кіріп, жұма намазына жиналған адамдарға оқ жаудырған. 50 адам қаза тауып, тағы 50-ге жуық тұрғын жарақат алды. Таррант терактіні Facebook-те тікелей таратқан. Ол шабуылға өткен жылы, Еуропаға сапарынан кейін дайындалуға кіріскен. Алдын ала тергеу осыны аңғартты.
Ақпарат көзі: Хабар 24