Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Сүлейменов Тимур Мұратұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалсын», - делінген Мемлекет басшысының Өкімінде.2019 жылдың наурыз айында ол Ұлттық банкте қызметке тағайындалған.
2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі).
2016 жылы 28 желтоқсанда ол ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 2019 жылы ақпанда Үкімет тараған уақытта Сүлейменов осы қызметінен босатылды, оның орнына Руслан Дәленов келді.