Жаңалықтар

Ыстамбұлда бір топ адамды автобус қағып кетті

ашық дереккөзі

Ыстамбұлда бір топ адамды автобус қағып кетті

Ыстамбұлда жаяу жүргіншілерді автобус қағып кетті – зардап шеккендер бар, деп хабарлайды  «Хабар 24». Автобус жүргізушісі қоғамдық көлік аялдамасында тұрған адамдар тобын қақты. Оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Зардап шеккендер саны анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, өз бағытымен кетіп бара жатқан автобус белгісіз себептермен жолдан шығып, адамдарды қаққан. Одан кейін көлік тағы бірнеше автомобильмен соқтығысқан.