Обама гомосексуалдарға арналған журналдың мұқабасына шықты

Обама гомосексуалдарға арналған журналдың мұқабасына шықты

Обама гомосексуалдарға арналған журналдың мұқабасына шықты
ашық дереккөзі
АҚШ президентінің суреті гомосексуалдарға арналға журналдың мұқабасында жарық көрді. Обама – «Out» ЛГБТ-журналының бас бетіне шыққан тұңғыш президент. Мерзімді басылым мемлекет басшысының суретін жариялап қана қоймай, оған сексуалдық таңдауы бөлек аз халықтың құқығын жақтаған қоғам қайраткері ретінде «жыл одақтасы» деген мәртебе берген.

Редакция ел азаматтарының тең құқығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Обаманы қатты сыйлайтындарын жеткізіпті. Әсіресе Out журналының ұжымы Құрама Штаттардың барлық аймақтарында біржынысты некелерді заңды деп табу туралы Жоғарғы соттың шешіміне президенттің қолдау білдіргені ЛГБТ өкілдерінің құқығын қоғамның басым мүшелерімен теңестіруге жасалған үлкен қадам деп бағалаған. Маусым айында қабылданған аталмыш шешімді Обама ашық күндегі найзағайға теңеп, оның Америка үшін үлкен жеңіс екенін мәлімдеген еді. Басылым президенттің: «Қаншама ондаған жылдар бойы біздің бауырларымыз бен қарындастарымыз өздерін мойындатып, құқығын теңестіру үшін күресіп келді», – деген сөзін жариялаған.