Астанадағы Наурыз тойына Елбасы мен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

Астанадағы Наурыз тойына Елбасы мен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

Астанадағы Наурыз тойына Елбасы мен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты
ашық дереккөзі
Ерте таңнан бері «ЭКСПО» аумағына елорда тұрғындары ағылып жатыр. Астана Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Наурыз тойына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекеттік органдар, елордадағы этномәдени бірлестіктердің күш салуымен ЭКСПО аумағында 17 киіз үй тігілді. Наурыз мейрамын тойлау аясында қала тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО көрмеле кешені аумағында дәстүрлі этноауылмен қатар, бірнеше тақырыптық музей киіз үйлерді де көруіне болады, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, театрландырылған көріністерді, айтысты, қазақ эстрадасының жұлдыздары қойған концертті тамашалайды. Қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату, армрестлингтен дәстүрлі спорт сайыстары да ұйымдастырылады.