АҚШ-тағы ұшақ апатынан 9 адам қаза тапты

АҚШ-тағы ұшақ апатынан 9 адам қаза тапты

АҚШ-тағы ұшақ апатынан 9 адам қаза тапты
ашық дереккөзі

Кеше АҚШ-тың Огайо штатында он адамдық Hawker H25 ұшағы апатқа ұшырады.  Соңғы мәліметтерге сүйенсек, ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 9 адамға жеткен.

Қайғылы жағдай Огайо штатының Экрон қаласында орын алды. Ұшақ қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйдің үстіне құлап, әуе кемесі бірден қызыл жалынға оранды. Алғашқы деректер ұшақ бортындағы екі адамның қаза тапқандығын жарияласа, бүгін таңертең шетелдік ақпарат құралдары қаза тапқан адамдар санының артқандығы туралы ақпарат таратты.

Ұшақтағы авиадиспетчер өкілдерінің мәліметіне сай, ұшақта 9 адам болған. Оның екеуі пилот, қалған жетеуі жолаушы. Өкінішке қарай, олардың барлығы көз жұмған. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ апаты кезінде орын жарылыстың дауысы бірнеше квартал жерге жетіпті. Ал полиция қызметкерлері ұшақ құлаған тұрғын үйде ешкімнің болмағанын хабарлады. Бірақ тұрғын үйдің алдыңғы қабырғасы қирап, құрылыс отқа оранды.

Әзірге бұл ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталған жоқ.