Тәуелсіздікті сыйлады

Тәуелсіздікті сыйлады

Тәуелсіздікті сыйлады
ашық дереккөзі
Тәуелсіздіктің ең ауыр кезеңдерін еңсеріп, Ұлт көшбасшысына  айналған Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет тарихына қосқан үлесі  өлшеусіз. Экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда  табандылық танытты. Қазақтың рухани әлемін жаңғыртуға, жастардың білім  алуына, ғылыммен айналысуына да барлық мүмкіндіктерді жасады. Әлемдік  саясатта қазақ елін танытып, әріптестік байланыс орната білді. Бір сөзбен  айтқанда, әр саладағы жетістіктер біздің көз алдымызда. Елбасының бастамасымен ел ордасы Астана нағыз жасампаз қалаға айналды. Қазақстан қарқынды даму жолына түсе отырып, халықаралық  ұйымдарға мүше болып, әлемдік деңгейдегі күрделі мәселелерді шешуге  атсалысты. Күллі түркі әлеміне ортақ «Мәңгілік ел» идеясын ұсына отырып,  мемлекет дамуының стратегиялық жоспарын жасады. Тәуелсіздік  жылдарында қабылданған саяси шешімдердің маңызын түсініп, барынша  сергектік танытқан Елбасының көрегенділігі жайлы дәлелдер өте көп. Сондықтан да біз мемлекеттің әрбір жетістігін мақтанышпен айтуымыз қажет. Тарихымызды түп-тамырымыздан қайта тірілтіп, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары ұлттың бағдаршамына айналды. Бүгінгі  таңда бағдарлама аясында қаншама ауқымды жобалар өз нәтижесін беруде.  Бұл бағдарламалық мақаланың негізгі идеясы – жеке тұлғаның санасын  жаңғырту. Сол арқылы отбасы, адамзаттық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық  кодымызды сақтау, халықтың әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешуге қол  жеткізуді мақсат етеді. Елбасы тарихи мәлімдеме жасай отырып, елімен бірге екендігін айтты. Демек, алдағы уақытта мемлекет дамуындағы игі бастамалар өз жалғасын табады деген үміттемін. Қазақстан – татулығы мен бірлігі жарасқан мемлекет. Тұңғыш  Президент тәуелсіздікті қалыптастырушы ғана емес, саяси тұрақтылыққа,  бірлік пен ынтымаққа үндеуші. Бір сөзбен айтқанда, ол бізге тәуелсіздікті сыйлады.  

Гүлмира ӘШІРБЕКОВА,

Қызылорда облыстық

«Рухани жаңғыру»  орталығының бөлім басшысы

Nur Otan партиясының мүшесі