Ең үлкен жетістік – ойы озық жастардың тәрбиеленуі

Ең үлкен жетістік – ойы озық жастардың тәрбиеленуі

Ең үлкен жетістік – ойы озық жастардың тәрбиеленуі
ашық дереккөзі
Президенттің мәлімдемесі бәріміз үшін күтпеген оқиға болды. Біз, қазақстандықтар, қазіргі уақытта шынында да тарихи сәтте өмір сүріп жатырмыз. Себебі Қазақстанның мемлекеттігін бекемдеген Елбасымен бір   командада болу – біз үшін зор мәртебе. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы,   өркендеуі бақытымыз деп санаймын. Кеңес Одағы тұсында Өзбекстан,  Гүржістан, Украина елдері алдыңғы қатарлы елдер саналды да, Қазақстанға тек шикізат қоры ретінде қарады. Алайда тәуелсіздік алғаннан кейін ТМД  елдеріне ғана емес, бүкіл әлемге мемлекет бола алатынымызды дәлелдедік. Президенттің арқасында қазақ халқы биік белесті бағындырды. Қай  саланы алып қарасаңыз да, ешкімнен кем еңбек етіп жатқан жоқпыз. Индустрия, ІТ саласы, спорт пен киноны меңгеруі – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасқанының бір көрінісі. Тәуелсіздік кезеңінде тәрбиеленген, өз ойын ашық айта алатын буын пайда болды. Қазіргі жастар басқаша ойлаймыз. Әр кезде өз ұлтымызды алдыңғы орынға қоямыз. Президент айтқандай, мемлекеттің ең үлкен жетістіктерінің бірі, сөзсіз – Тәуелсіз Қазақстанның ойы озық жастарының тәрбиеленуі.

Данияр СҮНДЕТБАЕВ,

«Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы