Жаңалықтар

Қазақтың атын әлемге танытқан дара тұлға

ашық дереккөзі

Қазақтың атын әлемге танытқан дара тұлға

Қазақ халқы небір нәубетті бастан өткерген, «мың өліп, мың тірілген» халық. Бірақ осы халықтың дәл бүгінгідей атағы аспандап, абыройы асқақтап көрген емес. Халқымызға осы атақ пен биік абыройды алып берген ұлты үшін туған кемеңгер, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тұңғыш Президентіміздің қазақ халқы алдында сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оны өз еліміздегі де, сырт жұрттағы да небір саясаткерлер талай мәрте  тамсана айтты, таңдана жазды. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы  саясатының арқасында қазақ мемлекеті гүлденіп, өркендеп, әлемдегі  алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналды. Еліміз жоғары жылдамдықпен дамып, бұрын болмаған жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды, бүгінгі ұрпақтың бойында ертеңге деген сенім, нақты мақсат пайда болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Мемлекет басшысы ел астанасын Алматыдан Арқа төсіне көшіру жөнінде бастама көтерді. Қатардағы көп  облыс орталығының бірін астана етуге бел байлау – нағыз батыл шешім, батырлық. Елбасы он ойланып, жүз толғанды. Қиындық атаулыдан  жасқанбайтын, тәуекел етуге тайсалмайтын ержүректілік танытты. Осылайша тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының күретамырында  бой көтерген Астана – ғасырлар тоғысында дүниеге келген ғажайыптардың  бірі. Бұндай ұлан-ғайыр істерді тәуелсіздік алған 28 жылда бірде-бір мемлекет атқара алған жоқ. Еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері мен өркенді табыстары барша қазақстандықтарды мақтаныш сезіміне бөлеп, өзге елдердің үлкен қызығушылығын туғызуда. Бұл ұлт көшбасшысының ерен еңбегі,  халқы үшін аянбай төккен тердің жемісі. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан  Назарбаев  қазақтың атын да, атағын да әлемнің биігіне көтерген аңыз Адам.  Ол қандай құрметке де лайықты.  

Алтынбек ЖАРЫЛҚАСЫНОВ,

Nur Otan партиясы  Қызылорда облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің басшысы