Қазақ еліне сіңірген еңбегі мол

Қазақ еліне сіңірген еңбегі мол

Қазақ еліне сіңірген еңбегі мол
ашық дереккөзі
Мемлекеттігімізді қалыптастырып, тәуелсіздігімізді баянды еткен, сөзсіз ұлы тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы маңызды мәлімдеме жасады. Күтпеген хабарды көңілдегі өкініш, қимастық, мақтаныш, құрмет пен ізет  сезімдері аралас күйде тыңдадым. Миллиондаған қазақстандықтар дәл  осындай күйде екеніне сенімдімін! Қазақстандықтар үшін Қазақстан мен Назарбаев санамызға егіз  ұғымдай қалыптасып, бірлік пен тыныштықтың, береке мен дамудың  символына айналған. Елбасының Қазақ еліне сіңірген еңбегі орасан зор.  Кеңес империясы қираған сәтте ел тізгінін қолға алып, сындарлы кезеңдерде  өте күрделі реформаларға бет бұрып, қиын болса да дұрыс шешімдерді қабылдап, жас мемлекетіміздің қалыптасу барысында талай тығырықтардан шығара білген даналығы мен батылдығы арқасында халықтың сенімі мен құрметіне бөленді. Елбасы кетпеді, Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандықтармен  бірге еліміздің дамып, өркендеуіне әлде де маңызды үлес қосатынына кәміл  сенемін! Елбасының өмірлік тәжірибесі, халықаралық абыройы мен шынайы  патриоттық ұстанымы Қазақстанға, бүкіл қазақстандықтарға ауадай қажет. Ендігі жаңа кезеңде әлемге үлгі болып үлгерген бірлік пен  ынтымағымызды нығайта отырып, Елбасы бастаған даму мен өркендеу жолынан таймай, алға жылжу елін сүйген, ел тағдырына алаңдаған барша азаматтың парызы деп білемін.  

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары