Қазақстанның бас қаласы – Нұр-сұлтан

Қазақстанның бас қаласы – Нұр-сұлтан

Қазақстанның бас қаласы – Нұр-сұлтан
ашық дереккөзі
Еліміздің бас қаласы енді Нұр-Сұлтан қаласы деп аталады. Кеше ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы Заң қабылданды. Бірлескен отырыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Мемлекет басшысы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламенттің қарауына «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын енгізді. Бұл жоба  республика астанасының атауын Астана қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына өзгертуді көздейді. «ҚР Конституциясына сәйкес, Үкімет Ата Заңымызға  Астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін Республикалық референдум өткізу жөнінде ҚР Президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл  ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы  шешім қабылдады. Бұл мәселе бойынша Конституциялық Кеңес өзінің оң  қорытындысын да берді», – деді. Қазақстан елордасына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының есімін беруді талқылаған депутаттар Астана атауын Нұр-Сұлтан қаласына өзгерту туралы шешімді бірауыздан мақұлдады. Осылайша, еліміз үшін тағы бір тарихи шешім қабылданды.