Парламент Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсынысты мақұлдады
Парламент Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсынысты мақұлдады
«Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың - 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында. Бұған дейін Астана атауының референдумсыз өзгеруі мүмкін екені хабарланған еді. Оның алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды. «Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.