Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ ЖАЙЛЫ ҚОС ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ашық дереккөзі

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ ЖАЙЛЫ ҚОС ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Түркістан облысында қос бірдей тарихи кітаптың тұсауы кесілді. Оның бірі – кітап 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) жарық көрген «Тамыры терең Түркістан» жинағы. Екіншісі. «Түркістан облысындағы киелі жерлердің географиясы» атымен шыққан төрт томдық туынды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында кітаптардың авторлары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы Мұхтар Қожа мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің бас менеджері Қазыбек Тәжиев туындылары туралы тарқатып айтты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған кітаптар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жарық көрген.