ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ ЖАЙЛЫ ҚОС ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ ЖАЙЛЫ ҚОС ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ ЖАЙЛЫ ҚОС ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
ашық дереккөзі
Түркістан облысында қос бірдей тарихи кітаптың тұсауы кесілді. Оның бірі – кітап 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) жарық көрген «Тамыры терең Түркістан» жинағы. Екіншісі. «Түркістан облысындағы киелі жерлердің географиясы» атымен шыққан төрт томдық туынды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында кітаптардың авторлары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы Мұхтар Қожа мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің бас менеджері Қазыбек Тәжиев туындылары туралы тарқатып айтты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған кітаптар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жарық көрген.  width= «Жинақтарды шығарудағы мақсат – ұжым болған ата-бабаларымыздың жатқан жерлерін, ескерусіз қалған есімдерді таныту. Сондай-ақ тарихи тұлғалар мен қасиетті жерлерге қатысты аңыз-әңгімелерді, ел арасындағы ауызша тарихты түгендеу», – деді Қазыбек Тәжиев. «Түркістан облысындағы киелі жерлердің географиясының» алғашқы томында облысымыздың Түркістан мен Созақ аудандарында орналасқан нысандар жайлы мәліметтер енгізілген. Ал «Тамыры терең Түркістан» атты ғылыми-танымдық альбомда рухани-мәдени, экономикалық, өнеркәсіптік, көлік-логистикалық, ішкі-сыртқы туризмдік, демографиялық әлеуеті суреттелген. Сондай-ақ, туындыда Түркістан өңірінің бүгінгі келбеті мен даму бағдары қымтылған.